Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы полиция департаментінің бастығы Мұхтар Қожабаев ардагерлермен кездесу өтккізді.

«Алдыңғы толқынның әрбір өнегелі сөзі, тағылымды еңбектері кейінгі жастарға үлгі.  Ардагерлерге деген құрметіміз де ерекше.  Ұзақ жылдар  бойы абыройлы еңбек етіп, зейнеткерлікке шыққан тәжірибелі маман-ардагерлермен кездесулерден жастардың алар өнегесі мол. Бұл орайда бүгін ішкі істер органдарының ардагерлерімен кездестім. Бүгінгі кездесуде ардагерлер түрлі мәселелер бойынша ойларын ортаға салды. Ардагерлерге ризашылығымды білдіріп, өңір тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында  әрқашан кеңесуге дайын екендігімді жеткіздім. Полицейлер Ардагерлер кеңесінің мүшелеріне әрдайым қамқорлық танытып, қандай да бір туындаған мәселелерін шешіп беруде белсенді жұмыстар атқаруда. Бұған қоса ардагерлер еңбек жолын енді бастаған жас қызметкерлермен жиі кездесіп, ақыл-кеңестерін айтып, өз тәжірибелерімен бөлісуде», - дейді департамент бастығы Мұхтар Қожабаев.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Сыр өңірінде 13 бастауыш ардагерлер ұйымы бар. Бұл ұйымдарда 2700 зейнеткер есепте тұрса, оның 125 әйелдер. 

Қазіргі таңда ішкі істер органдарында Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген 2 ардагер бар. Төртеуі Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тыл ардагерлері, 19 ардагер мүгедек, 16 ардагер қызмет бабында жарақат алғандар. Ал 25-і Ауған соғысының ардагерлері.

319076686_5866299586746169_2214928046579107298_n.jpg

Тағы да оқыңыз: