Kyzylorda-news.kz Түркістан облысын Келес ауданында болған қанды оқиғадан анасы мен сіңлісінен айырылған қыздар жанайқайын жеткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Олар Үкімет басшыларынан көмек сұрайды.

Біз – Ақдидар Толғанбаева Ерланқызы, Райхан Толғанбаева Ерланқызы. ҚР Бас прокурорынан, Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдыдан көмек сұраймыз. Анамыз бен сіңілімізді айуандықпен өлтірген Ақанов Абай Асхатұлын өмір бойына бас бостандығынан айыруды талап етеміз. Біріншіден сұрайтынымыз, аудан әкімінен бастап түгелдей басшылықтарды, аудандық ішкі істер бөлімі басшылары және олардың орынбасарлары, білім саласында №13 Т.Бигелдинов атындағы мектептің директорына және орынбасарларына шара қолдануды сұраймыз. Менің және сіңілім екеуіміздің сұрап отырғанымыз, зорлық-зомбылықпен, айуандықпен айналысқан адамды мектеп қабырғасына қалай жұмысқа орналасқанын білгіміз келеді, – дейді олар.

Сонымен қатар, апалы-сіңілілер құзырлы органның өкілдері қорқытқанын да ашып айтты.

Сіңілім екеуіміздің құзырлы органдар қорқытқаны үшін жазалауды сұраймыз. Біз іштей жылап, анам мен сіңілімді қара жерге тапсырып, ішімізді өртеп бара жатқанда, олар бізді қорқытты, – дейді олар.

Олардың сөзінше, әкелерін де осыдан 15 жыл бұрын біреу өлтіріп кеткен, алайда іс сол күйі тергелмеген, кінәлі жазасын алмаған.

 Осыдан 15 жыл бұрын 28 қазан күні әкеміз Байболатов Ерлан Толғанбайұлы кісі қолынан қаза тапқан. Іс мүлдем қозғалған жоқ. Әкеміз өмірден өткеннен кейін анамыз әкенің де, ананың да орнын басып, осы күнге бізді жеткізіп еді. Өзі сіңілім екеуі кісі қолынан қаза тауып отыр. Арада 15 жыл өтсе де қылмыстық іс қозғалған жоқ, – деді Толғанбаевалар.

Еске салайық, Түркістан облысында мұғалім оқушысын зорлап, анасымен бірге өлтіріп кеткен еді. Көп өтпей күдікті ұсталды.

Фото: el.kz

Тағы да оқыңыз: