Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласы Тасбөгет кентінің орталық алаңында 13 сәуір күні сағат 16:00-де «Мүмкіндіктер керуені» атты іс-шара өтеді.

Шара барысында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі, мемлекеттік бағдарламалар туралы сала мамандарынан тегін кеңес, қазақ, орыс және ағылшын тілдері курстарына тегін тіркелу, адвокаттар мен сот орындаушылардың тегін құқықтық қызметі, жылжымалы медициналық бекетінде дәрігерлер тегін қабылдау өткізеді.

Сонымен қатар кастингтер ұйымдастырылады.

Атап айтқанда:

– Жас журналистер;

– жас актерлер;

– жас модельдер;

– жас ақындар;

Сондай-ақ спорттық ойындардан сайыс ұйымдастырылып, шара соңы гала концертке ұласады.

Тағы да оқыңыз: