Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласындағы Асқар Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде «Біз біргеміз» атты мүмкіндігі шектеулі жандар арасында шығармашылық фестиваль өтті.
Мәдени іс-шараға 18 жастан асқан, 60-тан астам мүгедектігі бар жандар қатысты.
Фестиваль төрт бағытта өткізілді. Онда қатысушылар ән айтып, би билеп, көркем сөз оқу шеберлері сынға түсті. Сонымен қатар «он саусағынан өнер тамған» қол өнер шеберлері де осы сайыста бой көрсетті.
Іс-шара Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы негізінде Қызылорда облыстық мүгедектер қоғамы ҚБ ұйымдастырумен өтті.
«Фестиваль мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларға әлеуметтік көмек көрсетуден бөлек оларды түрлі шараларға қатыстырып, қоғамдық ортаға бейімдеу, белсенділіктерін арттыру, психологиялық тренингтер өткізу арқылы позитивті ойлау дағдыларын дамыту, спорттық, мәдени, қоғамдық іс-шараларға қатыстыруды мақсат етеді.
Мүгедектігі бар жандардың шығармашылық жағынан барынша ашылып, жандары қалаған істерімен айналысуына қолдан келгенше мүмкіндік жасау біздің басты міндеттеріміздің бірі болып табылады», - деді Сағатбек Қуанышбайұлы.
Жарыс жеңімпаздарына бағалы сыйлықтармен арнайы дипломдар табысталады. Қалған қатысушыларға арнайы алғыс хатпен марапатталды.
Фестиваль жеңімпаздары:
«Ән айту» номинациясы бойынша:
1-орынды Смагулова Диана
2-орынды Тажибаева Бахыт
3-орынды Шайхов Серикбол
«Би өнері» номинациясы бойынша:
1-орынды Айтпенбетова Айша
2-орынды Шашу қазақ биі
3-орынды Ешнияз Динара
«Өлең оқу» номинациясы бойынша:
1-орынды Тулегенова Лаура
2-орынды Жалиева Айнұр
3-орынды Ешнияз Динара
«Қол өнер жұмысы» номинациясы бойынша:
1-орынды Урумбаев Рустем
2-орынды Искендирова Гулжанат
3-орынды Примжанова Аманжан





