Kyzylorda-news.kz. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің жаңа экономикалық саясаты алдағы кезеңде, ең алдымен, барлық қазақстандықтың өмір сүруі мен әл-ауқаты жоғары деңгейде болуын қамтамасыз етумен байланысты екенін атап өткен еді. Оның жаңа реформасында Қазақстан даму банкінің жұмыс форматын елдегі шағын және орта бизнесті дамытуға көмектесетіндей қайта қарауды ұсынған болатын.
Қазір мемлекет тарапынан мүмкіндік көп. Сол мүмкіндікті тиімді пайдаланған Жаңақорған ауданының тұрғыны Дастан Саулебеков бар. 1974 жылы Жаңақорған ауданында дүниеге келген. Санаты – 3 топ мүгедегі.
Дастан Мұратбекұлы 2023 жылы кәсіппен айналысу мақсатында «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқып, аяқтау туралы электрондық сертификатын алған.
Комиссияның мақұлданған шешімі негізінде 2023 жылдың наурыз айында өзінің «Монша»бойынша бизнес-идеясын іске асыру мақсатында 400 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде грант жеңімпазы атанған.
Қазіргі уақытта, моншасын ашып, бір адамды тұрақты жұмысқа қабылдап, өзінің ұйымдастыруымен халыққа қызмет жасауда.
Айта кетейік, облыс әкімі кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына шағын және орта кәсіпкерліктің негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерінің өсімін қамтамасыз етуді және жалпы өңірлік өнімдегі үлесін 21,5%-ға арттыруды тапсырды. Сонымен қатар жауапты басқарма орта бизнестің үлесін 9 пайызға жеткізу бағытында нақты жұмыстарды үйлестірілуі керек.
