Kyzylorda-news.kz. 2023 жылдың 26 қыркүйегінде Басқарманың ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі шеңберінде мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау тақырыбында Қызылорда қалалық және барлық аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері мамандарының қатысуымен семинар-кеңес өткізілді.
Семинар-кеңесте жеке көмекшінің, ымдау тілі маманының қызметіне ақы төлеу, жөргектердің саны 2 есе ұлғаюына байланысты есептеу тәртібі, техникалық оңалту құралдарының Әлеуметтік қызметтер порталында орындалуына, әлеуметтік нысандарды бейімдеу барысына түсіндірме берілді.
Мамандар тарапынан сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар берілді.