Kyzylorda-news.kz Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мүгедектігі бар жандарға арнап “Жаңарған Түркістанға саяхат” сапарын ұйымдастырды.

Қоғамдағы әрбір азаматтың өмір сүру сапасын арттыру – әлеуметтік әділеттіліктің басты қағидасы. Ал мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамдық өмірге белсенді араласуына жағдай жасау–өркениетті елдің басты міндеттерінің бірі. Осы тұрғыдан алғанда, бұл бастаматек саяхат қана емес, ерекше жандардың қоғаммен байланысын күшейтуге арналған әлеуметтік, психологиялық және рухани әлеуметтік қолдаудың маңызды бөлігі.

Түркістан – күллі түркі жұртының рухани ордасы. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі – ғасырлар бойы мұсылман әлеміне бағдар болып келген киелі орын. Бұл қасиетті мекенге барып, зиярат ету – кез келген жан үшін ерекше рухани әсер сыйлайды. Қатысушылар жаңарған Түркістанның заманауи келбетін көріп қана қоймай, тарих пен қазіргі заманның үйлесімді үндестігіне куә болды.

Сапарға шыққан жандар үшін барлық жағдай қарастырылды. Мұндай іс-шаралар мүгедектігі бар жандардың ішкі әлеуетін ашуға, өзін қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезінуге жол ашады. Бұл психологиялық кедергілерді жойып, рухани тазаруға, өмірге деген құштарлықты оятуға мүмкіндік берді. Қатысушылар сапардан ерекше әсермен оралып, болшаққа сеніммен қарай бастады. Олардың кейбірі бос уақыттарын шығармашылыққа, спортқа арнағысы келетінін жеткізді.

Бүгінгі таңда елімізде әлеуметтік қорғау бағытында бірқатар жүйелі шаралар қабылдануда. Оның ішінде инклюзивті білім беру, қолжетімді орта қалыптстыру, еңбекпен қамту және әлеуметтік қызмет көрсету салалары кең өріс алып келеді.

Саяхат тек бір күндік сапар емес, ол қатысушылардың өміріне тың серпін берген, санасына рухани шабыт дарытқан маңызды тәжірибе болды. Қатысушылар өз ойларымен бөлісе отырып, бұл жоба жалғасын тапса деген тілектерін білдірді.

Мұндай іс-шаралар қоғамда инклюзивті сана қалыптастыруға, бір-біріне деген мейірімділік пен түсіністікті арттыруға үлкен ықпал етеді. Әрбір азаматтың қоғамда өз орнын табуы баршамыздың ортақ міндетіміз. Сондықтан бұл бастама тек бір облыс көлемінде емес, республика бойынша өз жалғасын табуы тиіс.

Түркістанға саяхат.jpeg

Түркістанға саяхат.jpeg

Тағы да оқыңыз: