Kyzylorda-news.kz. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ жыл басынан бері мемлекеттік тапсырыс бойынша көрсетілген қызметтер үшін 42,2 млрд. теңге төледі. Бұл кепілдендірілген медициналық көмек пакеті шеңберінде бекітілген келісімшарттардың жалпы сомасының 92,7%. Қаржы тегін медициналық кепілдендірілген көмек көлемі (ТМККК) шеңберінде бөлінді», – деді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов.

 2019 жылы МСҚ кепілдендірілген көмек түрлерін көрсетуге құлшыныс білдірген аймақтың медицина ұйымдарымен 45,5 млрд. теңгенің келісімшартын бекіткен болатын. Бұл өткен жылы бөлінген қаржыдан 15 % артық.  

 «Жұмыс кестеге сай жүріп жатыр. Бөлінген қаражат медицина мекемелерінің операциялық шығындарын өтеуге жеткілікті», – деді Бақыт Исмаханбетов.

Биыл мемлекеттік тапсырысты орындауға 73медицина ұйымы атсалысып жатыр. Оның ішінде 43 жеке меншік клиника да бар. Биыл олардың саны 2018 жылмен салыстырғанда 7-ге артқан, яғни 14% құрайды.

Мемлекеттен тапсырыс алған жеке меншік клиникалар саны жағынан Шымкент, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Қызылорда және Жамбыл облыстары көш бастап тұр.

Тағы да оқыңыз: