Kyzylorda-news.kz. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті Қызылорда облысының азық-түлік тауарларының бөлшек сауда нарығына талдау жүргізіу барысында, «Қазына и К» ЖШС сұралған мәліметтерді толық көлемде ұсынбаған.
Ақпаратты толық көлемде бермегені үшін департамент Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 162-бабына сәйкес орта кәсіпкерлік субъектісі «Қазына и К» ЖШС-не қатысты әкімшілік іс қозғалып, 360 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.
Әкімшілік айыппұл қысқартылған мерзімде төленді. Субъекті көрсетілген айыппұл сомасының 50 пайызын, 7 күн ішінде 551 340 теңге мөлшерінде төлеген.
Монополияға қарсы департамент лауазымды адамдарға және субъектілерінің назарына, монополияға қарсы органға белгiленген мерзiмдерде ақпарат бермеу не ақпаратты толық көлемде бермеу, монополияға қарсы органға анық емес және (немесе) жалған ақпарат беру, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 162-бабында көзделген әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.

