Kyzylorda-news.kz. Жалағаш аудандық білім бөліміне қарасты 20 жалпы білім беру ұйымы бар. Қазіргі таңда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан мектептер жоқ. Ағымдағы жөндеу жұмыстары толықтай аяқталған. Бүгін аудандық партия филиалының Атқарушы хатшысы Қаншагүл Мұстафаева, аудандық партия филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері Шілдебаев Бейбітжан және Асқарова Ханбибі М.Шәменов, Қаракеткен, Далдабай, Таң және Аққұм ауылдарындағы мектептерге мониторинг жұмыстары жүргізілді.

Мектеп әкімшілігі жылу беру маусымына толық дайын екендіктерін, сондай-ақ қордағы жанармайлар бар екеніндігін айтса, кей мектептер жанар-жағармайға қатысты келісім шарттарға отырғандықтарын айтып өтті. Білім беру ұйымдарын 2023-2024 оқу жылына оқулықтар мен оқу әдістемелік кешендерімен толық қамтамасыз етілетін болады.Мониторинг нәтижесіне сәйкес аудан бойынша барлық 20 мектепке зерделеу жұмыстары жүргізілді. Партиялық бақылау комиссиясы жаңа оқу жылына қатысты бірқатар ұсыныстар мен ескертулер жасады. Жіберілген кемшіліктер бойынша мектеп әкімшілігіне жұмыс жасау ұсынылды.

«AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Қаншагүл Мұстафаева, партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Асқарова Ханбибі, комиссия мүшесі Шілдебаев Бейбіт 2023-2024 оқу жылына дайындық жұмыстарын пысықтау мақсатында Жалағаш кенті орталығындағы білім беру ұйымдарына барып мониторинг жұмыстарын жүргізді.

Мониторинг жұмыстары кент орталығындағы №31, 123, 201, 202, 246 мектептерде және Ақсу ауылындағы №116 орта мектепте жүргізілді. Зерделеу жұмыстары барысында білім ордасындағы ауланың тазалық жұмыстары, жылыту маусымына дайындығы қаралды. Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары пысықталып, жіберілген кемшіліктер бойынша жұмыс жасау ұсынылуда.

Тағы да оқыңыз: