Kyzylorda-news.kz «AMANAT»партиясының облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова, республикалық кеңес мүшесі Айткүл Шалғынбаева, облыстық филиал жанындағы азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту жөніндегі «Miras» аймақтық кеңесі төрағасының орынбасары Сәрсенкүл Бихожа бейнебайланыс режимінде «AMANAT» партиясының жанындағы «Miras» республикалық кеңесінің отырысына қатысты.
Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы халыққа Жолдауында көтерген жасанды интеллекті дәуіріндегі мәдениет пен өнерді дамыту жолдары және мәдени объектілерді салу мен жөндеу мәселелері қаралып, талқыланды.
Кеңес отырысында Алматы қаласы, Алматы, Түркістан және Ұлытау облыстарында осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстардың есебі тыңдалды.
Кеңес төрағасы Амажол Әлтай жалпы кеңестің бұған дейін бірқатар өңірлерде көшпелі отырысы өтіп, атқарылған жұмыстарды көзбен көріп, кеңес мүшелері, өңірлердегі зиялы қауым болып талқыланғандығын, орамды ойлар мен ауқымды ұсыныстар жинақталып, тиісті министрліктер мен органдарға жолданғандығын тілге тиек етті.
Кеңес төрағасы өз сөзінде Сыр өңірінде партияның сайлауалды бағдарламасы аясында мәдениет пен өнерді қолдау бағытында жасалып жатқан жұмыстарды өзге өңірлерге үлгі ретінде атап өтті.