Kyzylorda-news.kz. ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары, «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Б.Кесебаеваның қатысуымен партияның облыстық филиалы жанындағы «Miras» аймақтық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.

Еркін форматтағы кездесуде білім, мәдениет саласына қатысты көптеген мәселелер көтеріліп, жаңа реформаларға қатысты ұсыныстар талқыланды.

Жиын барысында кеңес мүшелері тарапынан халық қалаулысына Қорқыт Ата атындағы мұражайды республикалық қорық мұражайға беру, Ардагер туралы заңға өзгерістер енгізу, мектеп директорларын ротациялау, мектептегі педагог емес мамандардың(жұмысшылардың) жалақасын көтеру, жоғары оқу орындарындағы педагогикалық мамандықтарда білім алатын бітірушілердің Ustudy тесттен өтуін жеңілдету, Қорқыт Ата атындағы университеттің ғимараттарын жөндеу қаржысын шешіп беруге ықпал жасау секілді көптеген ұсыныстар айтылды.

Өз кезегінде ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары, «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Балайым Кесебаева әрбір ұсынысқа қатысты ойымен бөлісіп, негізгі мәселелерді тиісті органдар арқылы шешуге ықпал ететіндігін жеткізді.

Тағы да оқыңыз: