Министрлік Қызылордада болған жол-көлік оқиғасын тергеу үшін комиссия құрды – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Министрлік Қызылордада болған жол-көлік оқиғасын тергеу үшін комиссия құрды

14.01.2021, 16:00

312 0

Kyzylorda-news.kz. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қызылорда-Құмкөл тас жолында орын алған ірі жол-көлік оқиғасының мән-жайларын тексеру үшін комиссия құрды.

Кеше Қызылорда-Құмкөл тас жолының 69 шақырымында «СНПС-Айдан Мұнай» АҚ-қа тиесілі «Mersedes-Benz sprinter» автокөлігі мен «СПМК» ЖШС-ға тиесілі «Toyota Hilux» автокөлігі соқтығысып, нәтижесінде оқиға орнында «СНПС-Айдан Мұнай» АҚ-ның 1 жұмыскері және «СПМК» ЖШС 2 жұмыскері қаза тапты.

Оқиға орнынан жедел жәрдем қызметі жоғарыда аталған компаниялардың зардап шеккен 8 жұмысшысын қалалық ауруханаға жеткізді. Олардың ішінде ауруханаға барар жолда «СНПС-Айдан Мұнай» АҚ-ның 1 жұмысшысы қайтыс болды. Сондай-ақ «СПМК» ЖШС-нің 1 жұмысшысы ауруханада көз жұмды. Ал «Бастау-S» ЖШС-нің 1 жұмысшысы реанимация бөлімшесіне жатқызылды. «СНПС-Айдан Мұнай» АҚ-ның жұмысшысы амбулаториялық ем алу үшін үйіне жіберілсе, қалған 4 жұмысшы ауруханаға жатқызылды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, жол-көлік оқиғасы салдарынан 5 адам қаза тауып, 6 адам түрлі жарақат алды.

Топтық жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептерін тексеру үшін Еңбекмині Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының өкімімен Қызылорда облысының бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төреахмет Жолымбетовтың төрағалығымен арнайы комиссия құрылды.

Тексеру нәтижелері туралы қосымша хабарланатын болады.

0

Пікір қалдыру