Kyzylorda-news.kz. Кеше Қызылорда – Құмкөл автожолында жол-көлік оқиғасы орын алды. Автожолдың 69-шы шақырымында «Мерседес Бенц Спринтер» және «Тойота Хайлюкс» автокөліктері соқтығысқан.

Салдарынан екі көліктің де жүргізушісі және бір жолаушы оқиға орнында, екеуі медициналық мекемеде қайтыс болды. Ал қалған бес жолаушы ауруханада ем алуда.

“Төтенше жағдай департаментіне хабарлама түсе сала оқиға орнына бардық. Қыстырылып қалған адамдарды шығарып, медицина қызметкерлеріне тапсырдық. 6 құтқарушы, 1 техника жұмылдырылды”, – деді Облыстық ТЖД Жедел құтқару жасағының басшысы Бақыт Ембергенов.

“Екі көлік қарама-қарсы соқтығысқан. Қос көліктің де жүргізушілері қайтыс болды. Жол тайғақ болмаған. Оқиғаның нақты себептері сараптамадан кейін анықталып, тиісті шешімдер қабылданатын болады, – деді ОПД бастығының бірінші орынбасары Шамшидин Амитов.

Оқиғаға байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Айта кетейік, бұған дейін Қызылордада жол апатынан 5 адам көз жұмғанын хабарлаған болатынбыз.

Тағы да оқыңыз: