[**Kyzylorda-news.kz.**](https://kyzylorda-news.kz/) **Мобильді азаматтар базасына тіркелген 7 млн аса пайдаланушы eGov mobile қосымшасы мен Telegram, Vk, Fb мэссенджерлері арқылы сұранысқа ие анықтамалар мен сервисті ХҚО-ға бармай-ақ ала алады.** Ұялы телефон көмегімен бірқатар мемлекеттік қызметтің қолжетімділігі жөнінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева айтып берді. Бүгінде 1,5 жыл бұрын қолданысқа енген egovkzbot2.0 телеграм-ботын 654 мың қазақстандық жүктеп үлгерген. Оның көмегімен азаматтар көбіне соттылықтың болу/болмауы, псих-нарко диспансерлердің есебінде болмау, жылжымайтын мүліктің болу/болмауы сияқты қызметтермен, сондай-ақ ХҚО кезегін брондау, айыппұлдардың барын тексеру тәрізді сервистерді жиі пайдаланған. Электронды үкімет порталының ұялы телефонға арналған eGov mobile қосымшасында бүгінде 28 қызмет қолжетімді. Жаңарған қосымша ЭЦҚ-ны биометрия мәліметтерімен сәйкестендіріп, авторизациядан жылдам өтуге мүмкіндік беріп отыр. 1,5 айдың ішінде ғана оны қазақстандықтар 205 мың рет жүктеп алған. > _«Халық ыңғайлығы үшін сұранысқа ие анықтамаларды смартфон арқылы жылдам әрі оңай алу мүмкіндігін жасадық. Кейбір анықтамаларды не бәрі 1 минуттың ішінде алуға болады. Есесіне қаншама уақыт, қаржы үнемделеді. Адамдар ХҚО-ға ұмтылмай, қалтасындағы ұялы телефонның бар мүмкіндігін пайдалануы тиіс», – дейді басқарма төрайымы._ Тұрғындар арасында «Қалтадағы ХҚО» қызметін пайдаланушылар санын арттыру үшін әр ХҚО-да мобильді тіркеу секторлары ашылған. Онда мамандар азаматты базада тіркеп, бірден қосымша мен телеграм, фэйсбук және вконтакте әлеуметтік желілеріндегі боттар арқылы қызметтерді алу жолдарын көрсетеді. **[«Хабар 24»](https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/357085-millionnan-asa-aza-standy-ty-altasynda-kh-o-bar)**