Kyzylorda-news.kz Meta компаниясы Instagram қолданушылары үшін жаңа қауіпсіздік шараларын енгізбек. Енді 16 жасқа толмаған жасөспірімдерге ата-анасының рұқсатынсыз тікелей трансляция жүргізуге тыйым салынады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агентігі The Guardian басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Енді 16 жасқа толмағандарға Instagram Live қызметін пайдалану үшін ата-анасының рұқсаты қажет болады.

Қазіргі уақытта Instagram әлеуметтік желісіне әлем бойынша 54 миллион жасөспірім тіркелген. Мұндай шаралар алдымен АҚШ, Ұлыбритания, Австралия және Канадада жүзеге асырылады. Бұл Facebook Messenger-ге де әсер етеді.

“Балаларға қатыгездіктің алдын-алу жөніндегі ұлттық қоғам” қайырымдылық ұйымы Метаның әрекетін құптап отыр. Олар зиянды контенттердің компания платформаларында таралуына жол бермеу керек дейді.

"Өзгерістер тиімді болуы үшін олар зиянды контенттердің Instagram, Facebook және Messenger-де таралуына жол бермеуі керек", – деді балалардың онлайн қауіпсіздігі жөніндегі саясат жетекшісінің орынбасары Мэтью Совемимо.

Өзгерістер Ұлыбританияда қабылданған интернет қауіпсіздігі туралы заңнан кейін енгізілді. 2025 жылдың наурыз айынан бастап барлық онлайн платформалар заңсыз контенттің таралуын болдырмау бойынша нақты шаралар қабылдауы тиіс. Мұндай контентке зорлық-зомбылық, алаяқтық және терроризм жатады. Сондай-ақ заңда балаларды өз-өзіне қол жұмсау және өзіне зиян келтіруге қатысты контенттен қорғауға арналған ережелер бар.

Фото: Нұрболат Нұржаубай

Тағы да оқыңыз: