1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне орай Қазалы  ауданы әкімі Алмасбек Есмаханов Әйтеке би кентіндегі үйден білім алатын оқушылардың үйіне арнайы барып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Мерекелік кездесуде Жамбыл Жабаев атындағы №234 мектептің 4-сынып оқушысы Әбубек Мансұр мен Жанқожа батыр атындағы №70 мектептің үйден оқитын оқушысы Ерлан Елдар арнайы құттықтауға ие болды. Аудан басшысы балалардың хал-жағдайын сұрап, мерекемен құттықтады.

Кездесу барысында балаларға арнайы әзірленген сыйлықтар табысталып, ізгі тілектер айтылды. Аудан әкімі балаларға мықты денсаулық, көтеріңкі көңіл-күй, білімге деген құштарлық пен жарқын болашақ тіледі.

– Әрбір ата-ана үшін балалардың шат күлкісі мен қуанышынан артық еш нәрсе жоқ. Әрбір бала қамқорлық пен мейірімге бөленіп өсуі тиіс, – деді аудан әкімі.

Бұл мерекелік шара балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап қана қоймай, қоғамның ерекше қамқорлықты қажет ететін бүлдіршіндерге деген жанашырлығы мен қолдауын айқын көрсетті.

Тағы да оқыңыз: