Мереке күндері сауда ойын-сауық орталықтары жұмыс істей ме? – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Мереке күндері сауда ойын-сауық орталықтары жұмыс істей ме?

Kyzylorda-news.kz. Мереке күндері елдегі сауда ойын-сауық орталықтары жұмысын тоқтата ма? ОКҚ алаңында бұл сұраққа санитариялсық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Роза Қожапова жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Елдегі өңірлердің эпидемиологиялық ахуалына байланысты сауда ойын-сауық орталықтары әртүрлі тәртіппен жұмыс жүргізеді. Қазіргі таңда тек Нұр-Сұлтан қаласы ғана «қызыл» аймақта болғандықтан, елордада жексенбі күндері сауда ойын-сауық орталықтары жұмыс істемейді. Қалған күндері 18.00-ге дейін ашық болады», – деді Роза Қожапова.

0

Пікір қалдыру