Kyzylorda-news.kz «Руханият» орталығында 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында, Шиелі ауданының әкімі Айтбай Жандарбеков көпбалалы аналармен кездесіп, "Алтын алқа" және "Күміс алқа" төсбелгілерін табыс етті.
Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығына сәйкес, көпбалалы аналарға 9 алтын, 18 күміс алқа берілді.
Шараға аудандық мәслихат төрағасы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Қоғамдық кеңесінің төрағасы, әйелдер кеңесінің төрайымы, аудан әкімінің орынбасарлары және «Amanat» партиясы Шиелі аудандық филиалының атқарушы хатшысы қатысып, барша көпбалалы аналарды мерекемен құттықтады.
Сонымен қатар, 2025 жыл – Президентіміз айтқандай, «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялаған болатын. Осыған орай, Мереке аясында, жұмысшы әйелдер де марапат төрінен көрініп, олардың ауданның дамуына қосқан еңбектері үшін арнайы құрмет көрсетілді. Өз кезегінде, аналар да аудан әкімдігіне алғыстарын айтып, жылы лебіздерін жеткізді.
Бұл шара әйел деген құрмет пен олардың қоғамдағы маңызды рөлін мойындаудың белгісі болып табылады. Ауданымызда әрбір әйелге, әсіресе көпбалалы аналар мен еңбекқор жұмысшы әйелдерге деген құрмет ерекше.
Фото: Шиелі ауданының әкімдігі