Kyzylorda-news.kz Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Жаратылыстану институтының «Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық» білім беру бағдарламасының аға оқытушысы Мейрамбек Мұразбековтің 60 жас мерейтойына орай ғылыми кеңес отырысы өтті.
Салтанатты басқосуда университеттің Басқарма мүшесі – әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры Уәлихан Ибраев мерейтой иесін құттықтап, ректордың атынан ізгі тілегін жеткізді. Сондай-ақ ұстазға университеттің «Үздік түлегі» медалі табысталды.
Жиында Жаратылыстану институтының директоры Гүлжас Тоқтағанова ғылыми кеңес отырысының маңызына тоқталып, мерейтой иесіне жылы лебізін білдірді. Ал «Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық» білім беру бағдарламасының жетекшісі, аға оқытушы Шеризат Қуатбеков ұстаздың өмір жолы мен еңбек қызметіне тоқталып, кәсіби жетістіктерін атап өтті.
Кездесу барысында Мейрамбек Мұразбековтің шәкірттері ән шашуын арнап, мерейтой иесіне құрмет көрсетті. Сонымен қатар университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері қатысып, әріптестері мен ізбасарлары ізгі тілектерін жеткізіп, гүл шоқтарын табыстады.
