Kyzylorda-news.kz. Шиелі ауданы әкімінің орынбасары Алмасбек Есмахановтың төрағалығымен «Мерейлі Отбасы – 2022» ұлттық конкурсының аудандық деңгейіндегі комиссия отырысы өтті.
«Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсының негізгі мақсаты өнегелі құндылықтарды жаңғырту, балаларды тәрбиелеуде ата-ананың жауапкершілігін арттыру, отбасы құндылықтарын кеңінен насихаттауға бағытталған.
Конкурсқа қатысуға 35 отбасы өтінім берді. Комиссия отырысына жинақталған құжаттар «Мерейлі Отбасы – 2022» конкурсының бекітілген ереже талаптарына сай қаралды.
Айта кетейік, соңғы жылдары «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауында Шиелі ауданы жоғары жетістіктерге қол жеткізіп, облыстық, республикалық лауреаттары атанды. Атап айтар болсақ, 2016 жылы Ноғайбаевтар отбасы облыстық деңгейде, 2017 жылы Исламхановтар отбасы Республикалық деңгейде, 2018 жылы Ишанқұловтар отбасы Республикалық деңгейде жүлдегер атанып, Мемлекет басшысының атынан облыс әкімі Қ.Көшербаев Ишанқұловтар отбасына «Нива-Шевролет» көлігінің кілтін табыстады. 2019 жылы Қиянбековтер отбасы Республикалық деңгейде жүлдегер, 2021 жылы Әбілдашевтар отбасы «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсының Республикалық кезеңінде бас жүлдеге ие болып, лауреат атанды.
