Шиелі аудандық Б.Қабылұлы атындағы мәдениет үйінде «Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық байқауының аудандық кезеңі қорытындыланып, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттауға арналған салтанатты шара өтті.
Салтанатты жиынға аудан әкімі Айтбай Жандарбеков, ардагерлер, зиялы қауым өкілдері және өнегелі отбасылар қатысты.
Өз сөзінде аудан әкімі отбасы – қоғамның берік негізі, ұлттың рухани тірегі екенін атап өтіп, ұрпақ тәрбиесіне үлгі болып, ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрді дәріптеп жүрген отбасыларға ризашылығын білдірді.
Отбасы – мейірім мен жылулықтың, тәрбие мен тағылымның алтын бесігі. Берекелі шаңырақ – елдің берекесі. Сондықтан отбасы құндылықтарын дәріптеу, өнегелі әулеттердің өмір жолын насихаттау – қоғам үшін аса маңызды міндет.
Биылғы байқауда Шиелі ауданының отбасылары облыстық кезеңде де жоғары нәтижелер көрсетті.
Керделі ауылдық округіне қарасты Н.Бекежанов ауылынан Бәкіровтер отбасы облыстық кезеңде І орын иеленсе, Алмалы ауылынан Әбішовтер отбасы «Мәуелі отбасы» номинациясы бойынша облыс лауреаты атанды. Жеңімпаз отбасыларға қаржылай сый-сияпат табысталды.
Аудандық кезең қорытындысы бойынша:
- І орын – Иіркөл ауылдық округі, Жақаев ауылының Шыныбековтер отбасы;
- ІІ орын – Еңбекші ауылының Мырзахметовтер отбасы;
- ІІІ орын – Жуантөбе ауылының Сәдуақасовтар отбасы.
Сонымен қатар бірқатар отбасылар арнайы номинациялармен марапатталды:
- «Үлгілі отбасы» – Шормановтар отбасы;
- «Еңбекқор отбасы» – Жанысбаевтар отбасы;
- «Зейінді отбасы» – Тойшыбаевтар отбасы;
- «Бақытты отбасы» – Бекетбаевтар отбасы;
- «Жігерлі отбасы» – Біржановтар отбасы;
- «Өнерлі отбасы» – Ақтаевтар отбасы;
- «Өнегелі отбасы» – Смайловтар отбасы.
Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы сыйлықтар мен қаржылай сертификаттар табысталды.
Өнегелі отбасы – өнегелі ұрпақтың, берекелі қоғамның бастауы. Іс-шара соңы мерекелік концерттік бағдарламаға ұласты.
