Kyzylorda-news.kz Бүгін «Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық байқауының аудандық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Аудан әкімінің орынбасары Ғани Сүлейменов ұлттық құндылықтарды дәріптеген байқауға белсене қатысқан барлық отбасыларға шынайы алғысын білдіріп, байқау жеңімпаздарын марапаттады.

«Біз – отбасын мемлекеттің тірегі деп білетін халықпыз. Бұл байқау ұлттық тәрбие мен рухани құндылықтарды дәріптейтін маңызды шара. Қатысушыларға алғысымды білдіре отырып, әр шаңыраққа амандық, береке тілеймін», – деді Ғани Сүлейменов. 

Жалағаш мерейлі отбасы 2.jpg

Байқау қорытындысы бойынша «Парасатты отбасы» номинациясымен Жалағаш кентінің тұрғындары Сералиевтер отбасы, «Мәуелі бәйтерек» номинациясымен Еңбек ауылынан Ерболатовтар отбасы, «Ұлағатты отбасы» номинациясымен М.Шәменов  ауылынан Құрманбаевтар отбасы, «Өнегелі отбасы» номинациясымен  Ақсу ауылынан Дәулетбаевтар отбасы, «Еңбекқор отбасы» номинациясымен  Қаракеткен ауылынан Жалғасбаевтар отбасы «Үлгілі жас отбасы» номинациясымен  Мәдениет  ауылынан Оразымбетовтер отбасы марапатталды.

Жүлделі III орынға – Аққұм ауылынан Көбековтер отбасы, II орынға – Жаңадария ауылынан Ілиясовтар отбасы, I орынға – Жалағаш кентінің тұрғындары Ахметовтер отбасы ие болса, Бас жүлдеге Төлековтер отбасы лайық деп танылды.

Айта кетейік, биыл ауданда осымен он екінші рет ұйымдастырылған байқауға 27 отбасы қатысуға ниет білдіріп, конкурс талаптарына сай 10 әулет жеңімпаз атанып марапатталды. 

Жалағаш мерейлі отбасы.jpg

Тағы да оқыңыз: