Kyzylorda-news.kz Сырдария ауданының әкімі Берік Сәрменбаевтың қатысуымен 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Менің Қазақстаным» атты мерекелік іс-шара өтті. Салтанатты жиынға облыстық мәслихат депутаты Жұмабек Ембергенов, аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікенов, ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұса Келдібаев, қоғамдық кеңес төрағасы Марат Еспенбетов және зиялы қауым өкілдері мен аудан тұрғындары қатысты.

Мерекелік іс-шара барысында этно-мәдени орталықтар мен жас суретшілер көрмесі және мәдени-спорттық көрмелер ұйымдастырылып, қонақтар назарына ұсынылды. 

Аудан басшысы этно-мәдени бірлестік көрмесін тамашалап, көпшілікті айтулы мерекемен құттықтады.
Салтанатты іс-шара театрландырылған қойылым мен аудан өнерпаздарының мерекелік концертімен жалғасты. Аудан әкімі Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесінің маңызын ерекше атап өтті.

Сырдария бірлік күні.jpg

– Баршаңызды бейбітшілік пен келісімнің, достық пен татулықтың үлгісіне айналған 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке – берекелі бірлік пен ырысты ынтымақты дәріптейтін, өзара құрмет пен сенімнің темірқазығы. Дана халқымыз «Дамудың сыры – бірлікте, табыстың сыры – тірлікте» деген. Ауызбіршілік пен сыйластық үстемдік құрған жерде ғана нәтижелі істердің болатыны сөзсіз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Қазақ жерін мекен еткен сан алуан этностың мәдениеті, діні мен дәстүрі өзара үндесіп, бірегей өркениетке айналды. Бүгінде еліміздің барша азаматтары біртұтас ұлт болып Әділетті Қазақстанды құрып жатыр. Ырысты ынтымақтың арқасында халқымыздың қуаты арта түседі» деп ерекше атап көрсетті. Сырдария ауданында еліміздегі 130-дан астам ұлт пен ұлыстың 16 этнос өкілдері мекен етеді. Аудандық Ассамблеяның құрамы – этно-мәдени бағыттағы бірлестік өкілдерінен, қоғамда өзіндік орны азаматтардан тұрады. Ассамблея қазіргі таңда,  «Аналар кеңесі», «Қоғамдық келісім кеңесі» және «медиация»  бойынша жұмыстар атқаруда. Достық пен татулық, ынтымақ пен бірлік мерекесінде Сіздерге зор денсаулық, еңбектеріңізге табыс, шаңырақтарыңызға бақ-береке тілеймін! Тәуелсіздігіміз тұғырлы, бірлігіміз бекем болсын! Бейбіт өмірдің берекесі, халқымыздың ырыс-несібесі арта берсін, - деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Сырдария бірлік күні 2.jpg

Мерекелік концерт барысында өнерпаздар әннен шашу шашып, халықтардың ұлттық билерін орындады. Сондай-ақ, түрлі этнос өкілдері өз өнерлерін ортаға салып, халқымыздың бірлігін, достығын және мәдени ынтымақтастығын паш етті. Ұлттар арасындағы достық пен өзара құрметті нығайтуға үлес қосып жүрген азаматтар аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталып, сый-құрмет көрсетілді.

Сырдария бірлік күні 3.jpg

Фото: Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз: