Kyzylorda-news.kz. Республика күніне орай ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі ұйымдастырған «Менің арманымдағы Қазақстан» атты эссе байқауының жеңімпаздары анықталды. Олардың қатарында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің 3-курс студенті Ердәулет Қалиев бар.

Байқау жеңімпаздарына ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің атынан дипломдар табысталды.

«Эссе байқауы жастардың азаматтық сана-сезімін дамытуға, ел тағдырына қатысты сезімін және оның болашағы үшін жауапкершілікті тәрбиелеуге, шығармашылық әлеуетті жандандыруға, жастардың ұлттық сана-сезімін дамытуға бағытталған. Республика күні қарсаңында байқау жеңімпаздарын жоғары оқу орындарының ректорлары марапаттады. Ал сіздердің жұмыстарыңыз үздіктердің үздігі болып таңдалды. Марапаттарыңыз құтты болсын! Сіздерге сәттілік пен жетістіктер тілеймін!» – деді ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.

Айта кету керек, Ердәулет Қалиев – Қорқыт ата атындағы Қызылода университетіндегі «Журналистика» мамандығының студенті.

Қоғамдық шараларға белсене қатысатын Ердәулет Сәрсенұлы осы кезге дейін XIV республикалық пәндік олимпиадада – ІІІ орын, Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастырған үздік ғылыми жобалар байқауында – І орын, GoSkiLLz- әлеуметтік желілерге арналған сапалы контент өндіру мен нетворкингке ден қою тәсілдері семинар-тренинг аясында өткізілген байқауда жеңімпаз атанған. 
 

466b22b0-1b53-46fd-bde2-bd146a6149d4.jpg

Тағы да оқыңыз: