Kyzylorda-news.kz Танымал продюсер, актриса Дариға Бадықова қолдау білдірген халыққа алғыс айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі жақындарының бәріне риза екенін жеткізді. 

Мені тапқан Әке-шешеме ризамын. Ағайын-туыс бауырларыма ризамын
Көрермендерге ризамын. Қараңғы етіп жаратпағанына ризамын. Жалқаулықтан сақтағанына ризамын. Жаман әркетке әуес қылмағанына ризамын. Жәй сөздің адамы болмағаныма ризамын. Өнер аламанын да, еңбек ете алатыныма, ризамын. Көмекке келе алатыныма ризамын. Несібеме ризамын. Екі жүзді болмағаныма ризамын. Мені жақтырмайтын адамдар, еңбегімді іштей мойындайтындарына ризамын. Ештеңеге реніш жоқ. Өзімізге риза болайық, оқырмандарым!”, – деп жазды актриса. 

Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, кино жұлдызының жазбасына сұрақ та жаудырды. 

“Кином аз ақша жинап қалады деп уайымдап, мультфильмге тиісіп едіңіз. Енді “Моанаға” ризасыз ба?!”, – деп сұрады. 

“Монаға” да ризамын”, – деп жауап берді актриса. 

Сурет:жеке парақшадан

Тағы да оқыңыз: