Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласында алаяқ «Тойота» орталығында менеджер болып жұмыс істейтінін айтып тұрғындардың сенімге кірген. Орталық арқылы автокөліктерін сатып беруге уәде етіп, «Tоyota Higlander» және «Tоyota camry 70» үлгісіндегі автокөліктерді иемденіп алған. Осылайша алаяқ қала тұрғынын алдап жүріп, автокөлігін сатып жіберген.
Қала тұрғыны алаяқтың құрбаны болғанын біліп, Қызылорда қалалық Полиция басқармасына жүгінген. Жәбірленушіге 27 миллион 600 мың теңге соммасында шығын келді.
«Осы оқиғаға байланысты полиция қызметкерлерінен тергеу тобы құрылып, істің ақ-қарасын ажыратуға кірісті. Нәтижесінде осы жайтқа қатысты 27 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Қазіргі таңда күдікті азаматтың бұрын соңды алаяқтық іспен айналысқаны дәлелденді», – делінген полиция департаменің хабарламасында.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының 190 бабының 4 бөлігімен (ақпараттық жүйені пайдаланушыны алдау немесе сенімін теріс пайдалану жолымен) бойынша сотқа дейінгі тергеу әрекеттерін жүргізуде.