Kyzylorda-news.kz. Өмір – адамға табиғатпен берілген ең қымбат дүние. Адамның ұзақ, мәнді де сәнді өмір сүруінің негізі – оның денсаулығы. Денсаулық адамның ең қасиеттңі де құнды, қайталанбас,жоғалса қайта орнына қиындықпен келетін, орны толмас асыл қазынасы.

Қазіргі таңда, бүкіл әлемді толғандырып отырған мәселелердің бірі – есірткіге тәуелділік. Есірткінің негізгі түріне апиын,кокаин,көкнәр,марихуанна ,хашиш және тағы басқалары жатады . Бұның барлығы да адам ағзасы мен психикасына әсер етіп зақымдайды.
Менің ойымша адамды есірткі қолдануға итермелейтін себептер:
Ақпараттың аздығы: есірткінің қаншалықты қауіпті екендігін білмеу және бұл мәселеге жеңіл қарау
Еліктеу: Жаман достардың қысым жасауы. «Бір рет көрейін, сосын тастаймын»- деп қате ойлау. Себебі, бір -екі рет көрудің өзі адамды қайтпас жолға салуға жеткілікті
Сенгіштік: қоршаған ортасы бұзық болса, жаман әдеттерге бой алдыру оңай. Жастардың қауіп-қатерді жақсы көруі, жыныстық бұзылу, өзін-өзі көрсету, күшін дәлелдеуге тырысу, генетикалық құрылымының есірткіге бейімдігі, иманның әлсіздігі, нашар отбасы және бұзық қоғамнан туған сенімсіздік, болашақ туралы уайымның адамды жалғыздыққа итермелеуі, жоқшылықтың өзін-өзі өлтіруге итермелеуі, байлықтың масаңдатуы, менмендік
Жаныңдағы досыңда есірткіге тәуелділіктен қорғап қалу үшін, мына белгілерді бойынын көргенде сөйлесіп, қолымыздан келгенше көмек берген дұрыс
•терісінде қарайған немесе көгерген ине іздерінің болуы;
•көктамырдың үстінде не айналасында су жиналғандай іріңнің жиналуы;
•солғын ұйқылы-ояу болуы немесе талу, әсіресе денесін қасу байқалса есірткі немесе синтетикалық заттарды көп мөлшерде қабылдағанын көрсетеді;
• шприц, сабы темірден жасалған қақпақ, отқа ұстап тұруға арналған сабы артқа қайырылған қасық, т.б. есірткі қабылдауға пайдаланылатын құралдардың болуы
•өзіне қажетті мұқтаждықтан артық көп ақша жұмсай бастауы;
•бұрын сенімді болған адамның қылмыс жасауы, ұрлық жасап, алдап-арбауы,
•терісінде қарайған немесе көгерген ине іздерінің болуы;
• көктамырдың үстінде не айналасында су жиналғандай іріңнің жиналуы;
Бүгінгі «Мен саған есірткі туралы айтып беремін» үндеуімді, әр адам артында дені сау ұрпақ қалдыруды мақсат етіп, өз болашағымызды ойлау міндетіміз деп аяқтағым келеді.

Садық Нұрару,

**Қызылорда қаласы
І.Қабылов атындағы
№12 ІТ-мектеп-лицейінің
9 «А» сынып оқушысы
**

Тағы да оқыңыз: