Kyzylorda-news.kz «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай, қалалық қоғамдық даму бөлімі мен «Qosyl» жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 5547 әскери бөлімінің сарбаздары арасында «Мен өз Отанымның патриотымын!» атты әскери сайыс өтті. 

Отан алдындағы борышын өтеп жүрген сарбаздар, келісімді әскери қызметшілер мен командирлік құрам аталмыш шараға қатысып, 5 сайыс түрінен сынға түсті. Сарбаздар алғашқы кезекте патриоттық әндерді саптық орындаудан бастап, топтық және жекелей күштік тапсырмаларды орындады. Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар әскери қызмет барысында қажетті құралдар және алғыстарға ие болды.

«Qosyl» жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен әскери іс-шара жастарды патриот болуға, ел алдындағы адал борышты өтеуге үгіттейді. Осыдан бөлек жастар орталығында бірнеше келелі іс-шара өткізілді. 

Мәселен, «Qosyl» жастары 1 маусым − Балаларды қорғау мерекесіне орай Талсуат ауылында орналасқан балаларды оңалту орталығының емделушілеріне мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында концерт ұйымдастырды. 

Ал 4 маусым – ҚР Мемлекеттік Рәміздер күніне «Qosyl» қалалық жастар ресурстық орталығы қалалық мәдениет бөлімімен бірлесе отырып, қалалық демалыс паркінде концерт өткізді. Концертте сыр өнерпаздары мерекелік әндерін тарту етті. Шара барысында демалушыларға арнайы сұрақтар қойып, белсене қатысқандарға шағын Мемлекеттік тулар таратылды.

Сондай-ақ «Qosyl» жастар орталығының ұйымдастыруымен Қызылжарма ауылдық округінде С. Әлжіков атындағы №144 орта мектебінің оқушылары арасында «QOSYL QUIZ» интеллектуалдық сайыс өткен болатын. Интеллектуалды ойынға 10 сынып оқушыларынан құралған 5 адамнан 5 команда қатысты.  Жасөпірімдер арасында логикалық және кретивті ойлауға бейімдейтін сайыстың мақсаты мемлекеттік тілді дәріптеу.  Қатысушыларға ұйымдастырушылар тарапынан арнайы алғыс, марапаттар табысталды.

Сонымен қатар, «Армандар орындалады» жастар алаңы жалғасуда.  Қызылорда жоғары көпсалалы колледжінің студенттерімен «Армандар орындалады» тақырыбында жастар мамандарының қатысуымен кездесу өткізілді. Кездесуге Қызылорда қалалық прокуратурасының бөлім аға прокуроры А.Сұлтанмұратова, Қазақстан КВН Одағы “РЖҚБ” Қызылорда облыстық Жайдарман филиалының директоры Р.Тәкісбай, Қалалық жастар орталығының кеңесшісі, Қызылорда Жайдарман филиалының әкімгері Г.Серік қатысты. Кездесу барысында жастарға қылмыстық істерден алыс болу, бос уақытты тиімді өткізе білу туралы ақпараттар айтылды. Айта кетейік, қалалық прокуратура бастамасымен және «Qosyl» қалалық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.  «Orda» жоғары колледжінің білім алушы студенттеріне «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» тақырыбында медиа саласының өкілдері, жастар мамандарының қатысуымен кездесу өтті. Кездесуге Қызылорда қалалық прокуратурасының бөлім басшысы Ә.Ергеш, Қалалық «Жастар ресурстық орталығының» директоры М.Жорабек, «Қазақстан Қызылорда» облыстық телеарнасының бас продюссері Д.Ақайдаров және өңірдегі спортшы жастар қатысты. Жиын барысында жастарға жетістікке жету, сәтсіздіктен сабақ ала отырып, табысқа жету жолдары жөнінде ақпараттар айтылды. Сонымен қатар, белсенді азаматтар өздерінің жетістікке жету жолдарымен бөлісіп, білім алушылармен пікір алмасты. Құқық бұзу, топтық төбелес, зорлық-зомбылық, басқа да қылмыстық істерің алдын алу жөнінде ақпараттар да айтылды. М.Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжінің білім алушы студенттеріне де кездесу өтті. Келесі ақпарттық жұмыс Қызылорда медициналық жоғары колледжінің білім алушы студенттеріне ұйымдастырылды. Кездесуге Қызылорда қалалық прокуратурасының бөлім прокуроры А.Оңдасын, Қалалық «Жастар ресурстық орталығының» директоры М.Жорабек, «Қазақстан Қызылорда» облыстық телеарнасының бас продюсері Д.Ақайдаров, Қызылорда облыстық «Жастар ресурстық орталығы» шығармашылық бөлімінің басшысы, блогер Т.Амануллаева, Қызылорда медициналық жоғары колледжінің мейіргер ісі негіздері пәні оқытушысы, колледж түлегі Қ.Махмут қатысты. Қызылорда «Болашақ» университеті және жоғары колледжінің білім алушы студенттерімен жастарға құқықтық сананы және құқық мәдениетті қалыптастырумен қатар жетістікке қол жеткізудің жолдары, дұрыс мақсат қоя білу, сәтсіздіктен сабақ алып, табысқа жету жолдары жайлы талқыланды. Жастар алаңының қонақтары: Қызылорда қалалық прокурорының орынбасары Г.Утеев, Қалалық «Жастар ресурстық орталығының» директоры М.Жорабек, Қызылорда облыстық «Жастар ресурстық орталығы шығармашылық бөлімінің басшысы, инста блогер Т.Амануллаева. «Армандар орындалады» жастар алаңының кезекті жиыны И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінің білім алушы студенттеріне арналды. Кездесуге Қызылорда қалалық прокуратурасының бөлім аға прокуроры Ж.Медешов, Қалалық «Жастар ресурстық орталығының» директоры М.Жорабек, «Қазақстан Қызылорда» облыстық телеарнасының бас продюссері Д.Ақайдаров, Қызылорда облыстық «Жастар ресурстық орталығы» шығармашылық бөлімінің басшысы, блогер Т.Амануллаева қатысты.

Бүгінде «Qosyl» қалалық жастар орталығы күміс сапаға лайықты жүйелі жұмыстарды жүргізуде. Мәселен, 2022 жылы орталықтың ұйымдастыруымен 143 іс-шаралар өткізіліп, оған 10 000 жас қамтылған. Жастардың сұранысына орай жабдықталған орталықтың қызметін 11 071 жас пайдаланды. Яғни, орталықта WI-FI, коворкинг орталығы, спорттық секциялар, креатив фото-видео студиясы, би залы және жастар ұйымдары кабинеті тегін қызмет көрсетуде. Cол жылы орталықпен ұйымдастырылған ауқымды шаралардың бірі, қала әкімінің "Самғау" жастар сыйлығы арқылы кәсіптік техникалық бағыттарда қызмет ететін саланың көшбасшылары анықталды. Сонымен қатар, Қазақстандағы мобилографияның негізін қалаушылардың бірі Қыран Талапбектің қатысуымен Қызылорда облысында алғаш рет «Мобилография» фестивалі ұйымдастырылды. Шара нәтижесінде қаладағы жас мобилографтардың ортасы қалыптасты. Сонымен қатар, жазғы маусымда «Арбат» бойында әр аптаның бейсенбі күні – «PING-PONG», жұма күні – «Караоке Battle», сенбі күні – «Кино TIME» жобалары өткізілді. Осы және өзге де қала жастарына қатысты күнделікті ақпараттар мен жаңалықтар «qosylbot» телеграм-бот және «qosyl.mrc» инстаграм парақшасында жариялануда. Ал "Жұмыс бар" деген арнайы парақша арқылы бос жұмыс орындары туралы ақпараттар орналастырылуда. «Qosyl» жастар орталығының тұрақты жобаларына айналған «Qosyl kenes» жобасы арқылы жастарға үздіксіз кеңес берілуде, ал «Qosyl acoustic» жобасы аясында шығармашыл жастардың ән кеші әр ай сайын өткізіліп келеді.

Жастар мүмкіндігі аясында жұмыс істейтін орталықтың бірі  облыстық жастар ресурстық орталығы. Жастар алаңы 2019 жылы Сырдарияның жаңа аумағы дарияның сол жағалауында орналасқан. Ресурстық орталықта IT-park, антикафе, интернет, кітапхана, жаттығу залы қарастырылған және тәулік бойы жұмыс істейді. Бүгінде орталықтың ұйымдастыруымен көшпелі тренинг өтуде. Қоғамдық Даму Басқармасының Syr Jastary орталығының тапсырысымен Арал ауданындағы жастар мен жас отбасыларға бағытталған семинар тренинг өтті.Шараның мақсаты отбасылық құндылықтарды нығайту, отбасын біріктіру және психологиялық сау қоғамды дамыту маңыздылығы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Психологиялық тренинг Қазалы ауданында жалғасты.

Жастар орталығы – жастардың дамуына, әлеуметтенуіне және бос уақытын тиімді өткізуіне арналған алаң. Мұнда жастардың дамуы үшін  мүмкіндіктер қарастырылады. Тіпті әлемдік тәжірибеде түрлі орталықтар жұмыс істейді. Олардың қызметіне тоқталсақ:

Білім беру және дамыту: Жастар орталықтары түрлі курстар мен семинарлар арқылы жастардың білімін жетілдіруге көмектеседі. Мұнда тіл үйрену, IT технологиялар, кәсіпкерлік, өнер және мәдениет сияқты салаларда білім алу мүмкіндіктері бар.

Қоғамдық белсенділік: жастарды қоғамдық өмірге белсенді қатысуға шақырады. Әртүрлі еріктілер қозғалыстары мен әлеуметтік жобалар арқылы жастар қоғамда өз үлесін қосып, жауапкершілік пен көшбасшылық қасиеттерін дамытады.

Спорт және салауатты өмір салты: спорттық секциялар, фитнес залдары мен денсаулықты нығайтуға арналған іс-шаралар ұйымдастырылады. Бұл жастардың денсаулығын жақсартып, зиянды әдеттерден аулақ болуға ықпал етеді.

Қолдау: психологиялық кеңес беру қызметтері де көрсетіледі. Жастар өздерінің мәселелерімен бөлісіп, кәсіби мамандардан кеңес ала алады.

Мәдени іс-шаралар: Концерттер, көрмелер, театр қойылымдары мен шығармашылық кештер жастардың мәдениетін арттырып, олардың эстетикалық талғамын қалыптастырады.

Кәсіптік бағдар беру: Жастар орталықтары болашақ мамандықты таңдауда көмектесіп, еңбек нарығының талаптары туралы ақпарат береді.

Жастар орталығы − жастардың жан-жақты дамуына, олардың қоғамдағы рөлі мен жауапкершілігін арттыруға үлкен үлес қосуда.

 

Қорлан Сары

Фото:aqmeshit-zhastary.kz

Тағы да оқыңыз: