Kyzylorda-news.kz. Қазақстанның дамуына, экономикалық қиындықтардан шығуына әлем жұртшылығы назар аударып отыр. Егемен еліміз қарыштап дамып келеді. Айбарлы да ажарлы мемлекетке тамсана қарайтындар аз емес. Өңірлерді дамытуға да баса назар аударылып келеді. Үкіметке және жергілікті әкімшіліктерге нақты тапсырмалар берілді. Орындалуы үшін де ұдайы бақылауда ұстап, алға қойылған, міндеттелген жүктемелер тиянақталып жүр.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа Қазақстан» үндеуінде алдағы уақытта назар аударылатын өзекті мәселелерге тоқталып, оларды шешуге міндетті жауапты үкімет мүшелері мен ведомостволарға нақты тапсырма берген болатын. Әсіресе қоғамда белең алып жатқан келеңсіздіктерді айта келе, елімізде жүйелі түрде реформа жасау қажет екенін баса айтты. Сондай-ақ жаңа құрылған үкіметке елдің экономикасын, халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру, жұмыссыздықты азайту мақсатында жаңа өндіріс орындарын ашу, мамандар даярлайтын білім беру жүйесін кәсіпорындардағы сұраныстармен үйлестіру, ауылдық жерлерде спорт кешендерін салу, тұрғын үймен қамтамасыз ету сияқты көп жылдан бері шешімін таппай келе жатқан, елдің көкейінде жүрген өзекті әлеуметтік мәселелерді шешу тапсырылды.

Президент жолдауынан халық, өзі күткендей, оң өзгерістер, жаңа лепті сезінді. Жаңа Қазақстанның жарқын болашағына жол ашатын өзекті мәселелердің барлығы осы мәлімдемеде қамтылды. Қазақстанның бірлігін ойлаған Президентіміздің ел болашағы үшін алға қойған мақсаттарын орындайтынына сенімдіміз. Халқымыздың тұтастығы мен бірлігін сақтау және еліміздің көркейіп, өркендеуі үшін қоғамның барлық саласында жүргізілетін реформаларға қолдау көрсетуге дайынбыз. 
Иә, мемлекеттің өркендеуі аймақтардан басталады. Бұл тұста оң істер жүзеге асырылып жатыр. Өңір гүлденіп, біршама нысандар бой көтеруде. Халықтың тұрмыс-тіршілігі де оңалып, аудандардан құралған аграрлы өлкелердің берекесі артып отыр. 

Жылдар мен жылдарды салыстырғанда ілгерілеу нышанының игі белгісі байқалып-ақ жүр. Алдағы уақытта аймақ одан әрі ауқым алып, өскен, өркендеген, кемел сипатқа ие болатынына сенім бар. Елдік мақсаттар мен мұраттар өзінің жүзеге асуында өркені өсуін тоқтатпайтын, түпкі нәтижесі толас тауып қалмайтын, еш уақытта үзілмейтін үрдіс!

Айнұр ӘЛИ

Тағы да оқыңыз: