Kyzylorda-news.kz Қазалы аудандық партия филиалының мәжіліс залында «Жер аманаты» және «Ауыл аманаты» жобаларының аудан көлемінде іске асырылуы бойынша бірлескен отырыс өткізілді. Басқосуға аудандық мәслихат депуттары және аталған жобалардың жүргізілуіне қатыстатын дербес бөлім, мекеме басшылары мен мамандары, бірқатар ауылдық округ әкімдері қатысты.
Жиынға төрағалық еткен партия филиалының төрағасы Ғазиз Әліш жоспарланған жұмыстардың орындалу маңыздылығына тоқталды.
«Аталған жобалар партия мен үкіметтің бірлескен жобалары, партияның сайлауалды бағдарламасындағы негізгі тармақтарынының бірі. Сондықтан қай тұрғыдан алғанда, соған орай бақылау да жоғары болады.
Маңызды жиынға бірқатар дербес бөлім, мекеме басшылары және ауылдық округ әкімдері мен мамандары арнайы қатысты. Өткен жылы жинаған мол тәжірибе бар. Сондықтан партияның аудандық филиалымен бірлесе, тұрғындарға «Ауыл аманаты» жобасы бойынша ақпараттық-түсіндіру бойынша жүргізілетін жұмыстарды жалғастырып, жобаның ауқымын кеңейтуге барынша жұмыс жасауымыз қажет», – деді Ғазиз Әлмәмбетұлы.
Өз кезегінде аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің басшысы Еркін Сейтов сөз алып, жобалар аясында соңғы екі айдағы жасалған жұмыстарға тоқталып өтті.
 

Тағы да оқыңыз: