Kyzylorda-news.kz Бүгін Қызылорда облысының Қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен «Достық үйінің» конференц залында «Мемлекеттік рәміздер – егемендіктің нышаны» тақырыбында облыстық семинар өтті.
Іс-шараға Қызылорда қаласындағы мемлекеттік атқарушы органдар мен департаменттердің қызметкерлері қатысты.
Шара «Рәміздер» алаңындағы танымдық экскурсиядан басталып, Достық үйінің конференц залнда облыстағы 55-тен астам мемлекеттік мекеме мамандарына оқыту семинарымен жалғасын тапты.
Семинар аясында елордадан арнайы келген сарапшы, геральдика саласының маманы, зерттеуші Айдын Рысбекұлы мемлекеттік рәміздердің қабылдану тарихы, оларды қолдану және орналастыру тәртібі туралы түсіндірмелік жұмыстар жүргізді.
Шара соңында қатысушылар тарапынан ұсыныс-пікірлер айтылып, қатысушылар тарапынан қойылған көкейтесті сұрақтарға тұщымды жауаптар берілді.
Мемлекеттік рәміздер – елдің тәуелсіздігі мен тұтастығын айқындайтын маңызды нышандар. Оларды қадірлеу – әр азаматтың перзенттік парызы.
Айта кету керек, жыл басынан бері мемлекеттік рәміздерді насихаттауға бағытталған түрлі форматтағы ірі көлемді 56 іс-шара ұйымдастырылып, оларға 10 мыңға жуық адам қатысқан.
Сонымен қатар, осы шаралар барысында 2 мың дана мемлекеттік Ту пайдаланылып, республикалық және жергілікті телеарналарда 32 бейнесюжет пен 96 ақпараттық материал жарияланған.
Бұдан бөлек, облыс көлемінде 16 көрнекі үгіт-насихат құралы орнатылған.