Kyzylorda-news.kz Қызылорда облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Хамит Тарбақов Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Жиында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамалар және Әдеп кодексі талаптарын сақтау, сондай-ақ Әдеп жөніндегі уәкілдің функцияларын түсіндіру бағытында «Zoom» платформасы арқылы онлайн семинар кеңес өткізіп, қолданыстағы заң нормалары түсіндірілді.

Семинарға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, облыстық Әдеп жөніндегі кеңестің хатшысы Берікбол Байқожаев және осы Департаменттің Мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы Нұржан Сүлейменов, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы Нұғман Жакудаев, «Ақмешіт адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Жандос Тұсмағанбетов қатысып, семинарға қатысушылардың сауалдарына жауаптар берді.

Тағы да оқыңыз: