Мемлекеттік қызметкерлер кіріс басқармаларынан ЭЦҚ ала алады – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Мемлекеттік қызметкерлер кіріс басқармаларынан ЭЦҚ ала алады

13.02.2020, 16:40

350 0

Kyzylorda-news.kz. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы және Қызылорда облыстық кірістер басқармасымен бірлесіп, мемлекеттік қызметкерлерге жыл сайынғы салық есептілігін тапсыру үшін ЭЦҚ-ны аша алады. Осы орайда, халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары кіріс басқармасына іссапарға жіберіліп, мемлекеттік қызметкерлер электрондық цифрлық қолтаңбаны ашуға болатындығын хабарлайды.

Енді аймағымыздағы мемлекеттік қызметкерлер ХҚКО-ға бармай-ақ сол жерде ЭЦҚ ала алады. ЭЦҚ алу үшін өзімен бірге жеке куәлігі және флэш тасығыш болуы қажет.

Бұдан басқа, әлі өтпеген ЭЦҚ-ның мерзімін Ұлттық куәландырушы орталықтың pki.gov.kz. сайтында ұзартуға болады.

Салық төлеушілерге ЭЦҚ мемлекеттік қызметтерді алу үшін қажет. Оның көмегімен қазақстандықтар салықтық өтініш беріп, есептілікті тапсыра алады және тоқтата алады.

0

Пікір қалдыру