Kyzylorda-news.kz. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігіне қоғамдық бақылау жұмыстары жалғасын табуда.

Осы орайда, Жалағаш ауданында қоғамдық ұйым өкілдерінің қатысуымен өткізілетін мониторингтің кезекті шарасы Департамент жанындағы Ведомствоаралық жұмыс тобының мүшесі, Жалағаш ауданы жастарының «Темірқазық» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Абай Молдашпен «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету орталығының Жалағаш аудандық бөлімінде, Жалағаш аудандық емханасына және Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Жалағаш ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына жүргізілді.

Қоғамдық бақылау барысында «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету орталығының Жалағаш аудандық бөлімі, Жалағаш аудандық емханасына және Жалағаш аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының ғимараттарында мүмкіндігі шектеулі адамдарға жағдайлар жасалған. Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет көрсету туралы өзекті ақпараттар орналастырылған және өзектендірілген, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс жасауда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізімі мен оларды толтыру нысандары үлгілері орналастырылған.
 

13.jpg

10.jpg

11.jpg

Тағы да оқыңыз: