Kyzylorda-news.kz. Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы – мемлекеттік органдардың жұмысын бағалаудың басты өлшемі. Осының негізінде мемлекеттік қызмет көрсетуші органдардың басты мақсаты азаматтардың өмір сүруіне тиісті жағдай жасау.
Осы мақсатта Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасының жоғары болуына және осы саланың дамуына үлкен мән беріледі.
Департамент Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылдың 8 тамызындағы №73 бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидалары және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 5 маусымдағы №47 бұйрығымен бекітілген «Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу қызметіне лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары негізінде төмендегі4 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді.
1. Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу қызметіне лицензия беру, қызмет көрсету мерзімі – 15 жұмыс күні.
2. Егер мәміле жасалатын мүліктің ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік баланста ескерілген баланстық құны ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік балансқа сәйкес оның активтерінің баланстық құнының 0,05 пайызынан асатын болса, табиғи монополия субъектісінің мүлкіне қатысты өзге мәмілелер жасасуға келісім беру,қызмет көрсету мерзімі – 10 жұмыс күні;
3. Табиғи монополиялар субъектілерін қайта ұйымдастыруға және таратуға келісім беру, қызмет көрсету мерзімі – 5 жұмыс күні;
4. Табиғи монополиялар субъектілері Мемлекеттік тркеліміне енгізу және одан шығару, оның ішінде:
- Тіркелімге енгізу бөлігі толығымен автоматтандырылған және өтініш берген сәттен бастап қызмет көрсету мерзімі - 30 минут;
- Тіркелімнен шығару бөлігін өтініш берген сәттен бастап қызмет көрсету мерзімі – 2 жұмыс күні.
Департаментте барлық мемлекеттік қызметтер тек электронды түрде «www.egov.kz электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетіледі.
Сонымен қатар, көрсетілетін қызмет берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымды табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беруге болады.
Фото: Нұрболат Нұржаубай
