Kyzylorda-news.kz ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департамент басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Н. Сүлейменовтың және Дін мәселелерін зерттеу орталығының аға маманы С.Піржанның қатысуымен қызметкерлерге профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары мен мінез-құлық стандарттарын сақтау, «Адал азамат» тұжырымдамасы аясында адалдық, кәсібилік пен жауапкершілік қағидаттарын ұстану, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнама талаптары мен белгіленген шектеулер түсіндірілді.
Сонымен қатар, діни сенім бостандығы, мемлекеттік қызметшілердің діни мәселелерге қатысты заң талаптарын сақтауы, экстремизм мен терроризмнің алдын алу және деструктивті діни ағымдардың ықпалына жол бермеу мәселелері бойынша ақпарат берілді.
Іс-шара соңында қызметкерлер тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, профилактикалық түсіндіру жұмыстарының мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттырудағы және қызметтік әдеп талаптарын сақтау мәдениетін нығайтудағы маңызы атап өтілді.
