Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында 357 мемлекеттік орган жұмыс істейтін болса, оның 255-і жергілікті атқарушы мемлекеттік орган және 102-і орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері. Сондай-ақ, 53 облыстық, 158 қалалық және аудандық, 146 ауылдық деңгейдегі мемлекеттік орган бар. 

Қазіргі таңда осы мемлекеттік органдардың штат саны 3326 бірлікті құраса, қазіргі таңда нақты жұмыс жасайтын 3234мемлекеттік қызметшінің 14-і саяси әкімшілік қызметшілері, 3 220-ы «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері болып табылады.

Мемлекеттік қызметтегі 1495 нәзік жанды мемлекеттік қызметшінің46,2%-ы түрлі деңгейдегі басшылық лауазымдарды, атап айтқанда, 
1-і басқарма басшысы, 9-ы басқарма басшысының орынбасары, 5-і департамент басшысы, 11-і департамент басшысының орынбасары, 2-і ауыл әкімі, 10-ы қалалық және аудандық деңгейдегі дербес бөлім басшылары. 

Аймақтағы мемлекеттік қызметшілердің арасындағы 35 жасқа дейінгі жастардың үлесі 25,3%-ы құрайды. 
Мемлекеттік қызметшілердің арасында 20 өзге ұлт өкілдері қызмет атқаратын болса, оның 8-і корей, 5-і орыс, 2-і татар, 2-і өзбек, 
1-і шешен,1-і қырғыз, 1-і ұйғыр ұлтының өкілдері болып табылады.

Өңірдегі мемлекеттік қызметшілердің арасында жоғары білімділердің үлесі 94,8%-ыболса, екі немесе одан да көп білім иелерінің үлесі 23,8%-ды құрайды.

Сонымен бірге, өңірімізде ҚР Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының 28 және халықаралық «Болашақ» бағдарламасының 2 түлегі және 6 ғылым кандидатытүрлі лауазымдарда жұмыс жасайды.

Мемлекеттік қызметшілердің орташа жасы 41,3 жасты құраса, мемлекеттік қызметтегі орташа еңбек өтілі 12,4 жылды құрайды.

Жыл басынан бері 727 мемлекеттік қызметші оқытылды, оның ішінде 90-ы қайта даярлау, 637-і біліктілігін арттыру курстарынан өткізілді.
Ал, мемлекеттік қызмет жүйесінен 78 (2,3%) қызметшікеткен болса,оның 12,8%-ы жеке секторларға, 9%-ы квазимемлекеттік секторларға және 78,2%-ы басқа да белгілі себептермен өз өтініштеріне сәйкес мемлекеттік қызмет жүйесінен кеткен.

Сынақ мерзімін тағайындаумәселесіне тоқтар болсақ,мемлекеттік қызметке алғаш рет және оны тоқтатқаннан кейін қайта келген 
155тұлғаға 3 ай сынақ мерзімі белгілеген болса, қазіргі таңда оның 110-ы сынақ мерзімінен өткізілді.

Жыл басынан бері бос лауазымдарға орналасуға өткізілген 375 (ішкі конкурс – 166, жалпы конкурс - 209)конкурсқа, 676 (ішкі конкурс – 126, жалпы конкурс - 550 )адам қатысып, нәтижесінде 298 (ішкі конкурс – 112, жалпы конкурс - 186) үміткер бос лауазымдарға қабылданған болса, ішкі конкурстардың нәтижесімен жұмысқа қабылданған 112 қызметшінің 82,1%-ымеритократия қағидаттарына сәйкес мансаптық өсу жолымен жоғары лауазымдарға тағайындалған.

Осы өткізілген конкурстардың барлығықоғамдық байқаушылардың қатысуымен өткен.

Қоғамдық байқаушылардың 2,3%-ы жергілікті деңгейдегі мәслихат депутаттары, 5,1%-ы БАҚ өкілдері, 5,3%-ы ҮЕҰ өкілдері, 0,6%-ы саяси партия өкілдері, 17,9%-ы басқа мемлекеттік орган қызметкерлері, 12,4%-ы он сегіз жасқа толған еліміздің азаматтарыболса 
56,4%-ымемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің өкілдерінің, яғни ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті қызметкерлерінің қатысуымен өткізілген.


Ерлеген МЕНДАЛИЕВ, 
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша 
департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы

 

 

 

Тағы да оқыңыз: