Kyzylorda-news.kz Қазіргі таңда елімізде мемлекеттік қызметке кіруді барынша жеңілдету мақсатында «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурстық іріктеусіз тағайындалу бойынша белгілі нормалар қабылданды.

Атап айтқанда, жоғары оқу орындарын мемлекеттік грант есебінен үздік аяқтаған түлектер диплом алғаннан кейін бір жыл ішінде аудандық және ауылдық деңгейдегі «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына заңнамалардан ешқандай тест тапсырмастан конкурстан тыс тағайындала алады.

Осы норма заңды күшіне енген уақыттан бері бүгінгі күнге дейін өңірімізде 9 түлек Қызылорда қаласы мен Арал, Қазалы, Қармақшы, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандарындағы аудандық және ауылдық деңгейдегі түрлі лауазымдарға конкурстан тыс тағайындалды.

Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын үздік бітірген түлектерді оқуды бітіргеннен кейін бір жыл ішінде Астана қаласын қоспағанда, еліміздің барлық өңірлеріндегі мемлекеттік органдардағы жекелеген лауазымдарға конкурстық іріктеусіз тағайындау мүмкіндіктері қарастырылды.

Осы жаңашылдық аясында, өңіріміз бойынша 2024 жылы 2 түлек конкурстық іріктеусіз бос лауазымдарға тағайындалды.

Сонымен бірге, Агенттіктің келісімі бойынша конкурстық іріктеусіз 
«Б» корпусының жоғары лауазымдарына тікелей тағайындау мүмкіндігі берілді.Бұл өз кезегінде бірінші басшылардың жауапкершілігін күшейтеді. Мысалы, Қызылорда облысының мәдениет және спорт, қоғамдық даму, білім, экономика және қаржы, сонымен қатар денсаулық сақтау басқармаларының басшылары Агенттікпен келісу арқылы конкурстан тыс тағайындалды.

Жоғарыда айтылған заңнамалық нормаларға сәйкес конкурстан тыс қабылданатын кандидаттардың «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес келуі басты шарт болып табылады.

 

Ерлеген Мендалиев,

Қазақстан Республикасы

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Қызылорда облысы бойынша

департаментінің басшысы

Фото: aqtobegazeti.kz

Тағы да оқыңыз: