Kyzylorda-news.kz Бүгін Руханият орталығында және Шижаға ауылдық мәдениет үйінде мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістерді түсіндіруге арналған семинар-кеңес өтті. Оған аудан әкімі аппаратының басшысы Серік Раимбетов төрағалық етті.

Жиынға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Мейрамкүл Бибітова, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің облыстағы өкілі Берікбол Байхожаев, облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Бағдат Әбдіқадыр, сондай-ақ аудан әкімдігіне қарасты мекеме басшылары, қала, кент және ауылдық округ әкімдері, сонымен қатар білім беру ұйымдары мен квазимемлекеттік сектор басшылары, аумақтық мекеме басшылары мен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мекеме қызметкерлері қатысты.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы қол қойған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының жаңа редакциясындағы негізгі өзгерістер жан-жақты түсіндірілді. Атап айтқанда, мемлекеттік қызметтің сервистік моделін дамыту, кадрлық үдерістерді цифрландыру және мемлекеттік аппараттың тиімділігі мен кәсібилігін арттыру мәселелері кеңінен сөз болды.

Сондай-ақ семинарда спикерлер тарапынан мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін сақтау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, құқық бұзушылықтарға жол бермеу, қызметтік тәртіпті күшейту және қоғам сенімін нығайту бағытындағы міндеттер талқыланды.

Баяндамашылар мемлекеттік қызметшілердің қызмет барысында заң талаптарын қатаң ұстануы, қызметтік өкілеттікті жеке мақсатта пайдаланбауы, азаматтармен және әріптестермен қарым-қатынаста ашықтық пен әдептілік қағидаларын сақтауы маңызды екенін атап өтті.

Іс-шара соңында қатысушылар арасында сауалнама жүргізіліп, азаматтарды жеке қабылдау ұйымдастырылды.

Мемлекеттік қызмет саласындағы өзекті мәселелер қаралды 2.jpg

Тағы да оқыңыз: