Фото: tolqyn.kz

Kyzylorda-news.kz ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Е.Мендалиевтің төрағалығымен Ведомствоаралық жұмыс тобының  кезекті отырысы өтті.

Отырысқа ВАЖТ-ның мүшелері, облыстық полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасы басшысының орынбасары, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының қызметкері, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары, Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, Арал ауданы әкімі аппаратының басшысы және департамент қызметкерлері қатысты.

Е.Мендалиев отырысты ашық деп жариялап, күн тәртібіндегі мәселелерге тоқталды. Онан кейін облыстық полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасы басшысының орынбасары С.Қамитбеков бұған дейін өткен бірінші ВАЖТ отырысында тапсырылған жұмыстың аралық нәтижесіне тоқталып өтті.

Атап айтқанда, жылжымайтын мүлік объектілерінің «Мекен-жай тіркелім кодын» (РКА) «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесіне енгізу кезінде орын алған кемшіліктердің салдарын жою бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың қай сатыда екендігіне тоқталып, бұған дейін ВАЖТ-ның бірінші отырысында белгіленген мерзімде тиісті жұмыстар аяқталатынын атап өтті.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Б.Бердаулетов басқармаға қарасты мекемелер арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша өзекті мәселелерді атап өтті.

Екінші мәселе бойынша Қызылорда қаласының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің жай-күйі туралы Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары А.Кентуғаев есеп берді. Ол мемлекеттік қызметтер бойынша туындап отырған проблемалық мәселелерді баяндады. 

Ал үшінші мәселе бойынша Арал ауданы әкімі аппаратының басшысы Н.Бохаев сөз алып, Арал ауданына қарасты мемлекеттік органдар арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің жай-күйі туралы есеп берді.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 1-тоқсанының қорытындысы бойынша дербес бөлімдер арқылы орын алған бұзушылықтарды бұдан әрі болдырмау мақсатында атқарылған шараларға тоқталып, алдағы уақытта бұзушылықтарға жол бермеу қатаң бақылауда болатынын атап өтті.

Отырысқа қатысушылардың тарапынан күн тәртібіндегі мәселелер бойынша хабарламашыларға сұрақтар қойылып, ұсыныс пікірлер білдірілді.
ВАЖТ мүшелерінің шешімімен аталған мәселелер бойынша департамент тарапынан тиісті мемлекеттік органдарға ұсыныстар жолданатын болады.

Тағы да оқыңыз: