Kyzylorda-news.kz  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінде «Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі», «Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымдарды қарау ерекшеліктері» тақырыбында семинар-кеңес өтті. Оған Қызылорда қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері қатысты. Шара барысында мемлекеттік қызметтер басқармасының бас маманы З.Арынова түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Семинарда мемлекеттік қызметті көрсетушілермен мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін сақтау, оның ішінде қызметті көрсетушілермен өтініштерді қабылдаудан бастап мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруге дейінгі рәсімдерді сақтау, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерін оңтайландыру және мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымдарды қарау ерекшеліктері қарастырылды.

Сонымен қатар, З.Арыновамен семинар-кеңеске қатысушыларға Қағида талаптарына сәйкес «Салық төлеушілерді тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін алудың 3 түрлі тәсілі 3 түрлі тәртіппен реттелетіні жөнінде айтылды.  Сондай-ақ, көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қабылдауға жауапты құрылымдық бөлімшесі құжаттар түскен күні ұсынылған құжаттарды қабылдайтыны жөнінде, егер құжаттарды түскен күні емес, келесі күндері тіркеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібінің бұзылуына әкелетініне тоқталды. Семинар соңында қатысушылар тарапынан  сұрақтар қойылып, нақты жауаптар берілді.

d5a0a6a4-f2c3-428a-a55f-657fa4210058.jpg

Тағы да оқыңыз: