Kyzylorda-news.kz. Бүгін, яғни 2023 жылдың 4 қыркүйегінен бастап жаңа бизнес-идеяларға мемлекеттік гранттар беру конкурсына өтінім қабылдау басталғанын хабарлаймыз. 

Конкурсқа өтінімдерді қабылдау 2023 жылдың 8 қыркүйегін қоса алғандағы мерзімге дейін жалғасын табады. Өтінімдер мен құжаттар kezekte.kz цифрлық платформасы арқылы қабылданады.

Қатысушы-кәсіпкерлердің конкурсқа берген өтінімдері үйлестіруші органмен 4 жұмыс күні ішінде қаралып, қабылданғаны немесе қабылданбағаны расталатын болады. Қосымша сұрақтарды +7 (7242) – 605408 нөмерімен байланысу арқылы нақтылауға болады.

Тағы да оқыңыз: