Tauelsizdik

Kyzylorda-news.kz Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік басқаруды реформалау мәселелері жөніндегі комиссияның құрамын бекітті. Мемлекет басшысы «Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Комиссия мемлекеттік басқару жүйесін реформалаудың негізгі бағыттары мен тәсілдерін айқындап, осы саладағы кешенді жоспарды әзірлеуге арналған ұсыныстарды қарайды.

Комиссияның жұмыс органы ретінде Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі белгіленді. Оның құрамына мемлекеттік органдардың басшылары, Құрылтай депутаттары және Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері кірді.

Комиссия отырыстарына орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, сондай-ақ басқа да ұйымдардың өкілдері қатыса алады.

Сурет: Ақорда

Тағы да оқыңыз: