Kyzylorda-news.kz   Жуырда басталған мемлекеттік қолдау бағдарламаларының аясында түсіндірме жұмыстары ауданның Шіркейлі, Н.Ілиясов, Шаған, Іңкәрдария, Ақжарма ауылдық округтерінде жалғасын тапты. Түсіндірме бойынша іс-шараға елді мекендердің тұрғындарымен қатар «Аграрлық Несие Корпорациясы» ҚОФ маманы Е.Демесінов, «Байқоңыр» ӘКК маманы Б.Серікбай, Сырдария ауданының "Мансап" орталығы филиалының, Сырдария ауаудандық кәсіпкерлік бөлімінің және ауылдық округтері әкімдері аппараттарының сала мамандары қатысты.

Қаржы ұймдарының мамандары қатысушыларды «Агробизнес», «Іскер», «Ауыл аманаты», қайтарымсыз гранттарды, т.б. мемлекеттік қолдау бағдарламаларының аясында қаражат алудың негізгі талаптарымен таныстырып өтті.

– Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде кәсіпкерлерді қолдау маңызды бағыттың бірі саналады. Өз кезегінде ауыл тұрғындарына жоғарыда көрсетілген мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін айтып берген болатынбыз. Бұл ретте, ақпараттық-түсіндірме жұмысы барлық ауылда жалғасын табатын болады. Әрине, елімізде жұмыссыз деңгейін азайтып, жергілікиі тұрғындардың кәсіппен айналысқа жағдай жасаудың артықшылақтары көп, – деді сала мамандары.

Сонымен қатар, тұрғындардың тарапынан мүлік саясаты, өндіріске бағытталған жобаларды қарастыру, бизнес-жоспар әзірлеу, жаңа бизнес-бастамаларды іске асыру үшін берілетін қайтарымсыз грант қаражатын алу, несие алу үшін қойылатын қосымша талаптар туралы қойылған сауалдарға мамандар сәйкесінше жауаптарын берді.

Тағы да оқыңыз: