Kyzylorda-news.kz. Мемлекет басшысының Жолдауларында берілген нақты тапсырмаларға сәйкес көптеген іргелі істер атқаруда. Тіпті мемлекеттік бағдарламалар арқылы азаматтарды, оның ішінде жастардың пайдалы іспен айналысуына қолдау көрсетілуде. өш ілгерілегелі өңірімізде кәсіпкерлік саласы кеңеюде. Шағын және орта бизнесті дамыту үшін мемлекеттен көрсетілетін қолдау көп. Жеңілдетілген несиелер алып, кәсібін жандандырып жүргендер жетерлік.
Мемлекеттен қайтарымсыз несие алып, ауыл тұрғындарын нан өнімдерімен қамтамасыз етіп отырған жас кәсіпкердің бірі – Айшолпан Дүйсенбекова. Ол қазіргі таңда Тәйімбет Көмекбав атындағы ауылда наубайхана ашып, кәсібін дөңгелентіп отыр. Айшолпан өткен жылы «Наубайхана ісі» бойынша мемлекеттік қайтарымсыз несиеге ие болып, бүгінде ауыл тұрғындарын сұраныстары бойынша нан өнімдерімен қамтамасыз етіп отыр.
Кәсіпкер өзінің сүйікті ісімен көптен бері айналысып келе жатқанын айтады. Және өткен жылы кәсібін кеңейту мақсатында мемлекет тарапынан жұмыссыз жастарды өздері қалаған істері арқылы нәсібін табуына қолдау бойынша қайтарымсыз грант арқылы арнайы құрылғылар сатып алып, нан пісіру ісімен айналысуда. Бұл кәсіп те ауылдастары арасында қолдау тапқан. Айшолпан дайындаған нан және нан өнімдері қашанда тұрғындар тарапынан үлкен сұраныста болуда.
«Мен мақсаттаған арманыма қол жеткіздім. Мемлекет басшысы жастар саясатын қолдауда, олардың білі алып, қалаған мамандықтары бойынша жұмыспен қамтуда көптеген іргелі істер істеуде. Президентіміз бен Үкіметіміздің осындай қолдауларына ие болғандардың бірімін. Мемлекеттің үлкен қолдауымен жетістікке қол жеткізген, ерінбей еткен еңбектің арқасында мен сияқты жастар бүгінде кәсібінен нәсіп тауып отырған жайы бар. Алла қаласа алдағы уақытта кәсібімді кеңейтіп, ауыл тұрғындарына сапалы қызмет көрсетсем деген де ойым бар. Кәсіп қылған адам қашанда жетістікке қол жеткізіп, мақсаттарына жетеді. Оны көзімізбен көріп, құлағамызбен естеп келеміз. Мен де қалаған мақсатты жоспарымны шыңына шықсам деген арман да жоқ емес. Мақсаттар орындалады дейді дана халық. Бұл заман жастардың қоғамнан өз орнын сайлап, алып, болашақ қазақ елінің өсіп-өркендеуіне жұмыс жасайтын заман. Сондықтан замандастарыма ерінбей еңбек етіп, өздері іске асырып жүрген кәсіптерімен ел дамуына қолдау көрсетсе екен деген тілектемін. Биыл Мемлекет басшысы ауылдарды дамытуға Үкіметке тапсырмалар берді. Ал, өз кезегінде Үкімет ауылдың дамуына байланысты көптеген іргелі істерді өміршең етуде мемлекеттік бағдарламаларды өндіріске ендіруде. Солардың бірі – «Ауыл аманаты» бағдарламасы. Бұл бағдарламаның мақсаты 2,5 пайыздық несие беру арқылы ауылдарда кәсіпкерлікті дамыту болып табылады. Осы ретте, мен де осы бағдарлама арқылы несие алып, кәсібімді кеңейткім келеді», – дейді Айшолпан.
