Kyzylorda-news.kz Жалағаш ауданының әкімі Ардақ Ибраимовтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде Аламесек, Еңбек ауылдық округтерінде атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер қаралды.
Аудан әкімі ауылдарда тұрақты жұмыс орындарын ашу, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз ету, «Ауыл аманаты» жобасын тиімді іске асыру, сондай-ақ халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша нақты тапсырмалар берді.
Ауыл әкімдері жыл басынан бері атқарылған жұмыстар мен алдағы кезеңге жоспарланған міндеттер туралы баяндама жасады.
Мәжіліс қорытындысында аудан әкімі берілген тапсырмалардың сапалы әрі мерзімінде орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.
