Фото: ncl24.ru

Kyzylorda-news.kz   Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті 2023 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес 2 объектіде 2023 жылғы қызметі бойынша тапсырылған қаржылық есептілігінің, бухгалтерлік есебінің және қаржылық жай-күйінің анықтығын, негізділігін бағалау мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бойынша аудиторлық іс-шарасын жүргізді. Бұл туралы Қызылорда облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті хабарлады. 

Жүргізілген қаржылық есептілік аудитінің нәтижесімен жалпы сомасы  40 567,9 мың теңгенің бұзушылықтары, оның ішінде 40 047,9 мың теңгенің қаржылық есептіліктің бұрмалануына әкеп соғатын бұзушылықтар және 520,0 мың теңгенің қаржылық есептіліктің бұрмалануына әкеп соқпайтын бұзушылықтары анықталды. 

Айталық, «Шиелі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қаржылық есептілікке жүргізілген ішкі мемлекеттік аудитімен жалпы сомасы 14924,5 мың теңгенің қаржылық есептіліктің бұрмалануына әкеп соғатын бұзушылықтар анықталды. Сонымен қатар «Арал аудандық мәдениет және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қаржылық есептілікке жүргізілген ішкі мемлекеттік аудитімен жалпы сомасы 25643,4 мың теңгенің бұзушылықтары, оның ішінде 25 123,4 мың теңгенің қаржылық есептіліктің бұрмалануына әкеп соғатын бұзушылықтар және 520,0 мың теңгенің қаржылық есептіліктің бұрмалануына әкеп соқпайтын бұзушылықтар анықталды.
 

Тағы да оқыңыз: