Kyzylorda-news.kz «Руханият» орталығында мемлекет және қоғам қайраткері, Қызылорда облысының, Сырдария ауданының Құрметті азаматы, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері Алмагүл Божанқызының 80 жылдығына орай өнегелі өмір жолы мен еңбек қызметін насихаттайтын арнайы көрме ұйымдастырылды. 

Тағылымды іс-шараға қоғам қайраткері Әріп Хожбанов бастаған зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, аудан тұрғындары, сондай-ақ қайраткер тұлғаның замандас әріптестері қатысты.

Алмагүл Божанова көрме 2.jpg

Көрмеге мемлекет және қоғам қайраткерінің алған марапаттары, архивтік құжаттары, фотосуреттері мен естелік заттары қойылып, саналы ғұмыры мен ел игілігі жолындағы ерен еңбегі жан-жақты таныстырылды. Іс-шара барысында аудан жастары Алмагүл Божановаға арналған арнау өлеңдерін оқып, рухани кештің мазмұнын байыта түсті. 

Іс-шара барысында сөз алған замандастары мен әріптестері Алмагүл Божанованың іскерлігі, адами болмысы, елге деген жанашырлығы туралы естеліктерімен бөлісіп, оның өнегелі өмір жолын айтып өтті. Сонымен қатар, ардагер ұстаз Торғаева Ділдахан жүрекжарды жырын оқып, көпшілікке ерекше әсер сыйлады.

Алмагүл Божанова көрме 3.jpg

Тағы да оқыңыз: