Kyzylorda-news.kz Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес Жаңақорған ауданының әкімі Мажит Самитов, аудандық мәслихат төрағасы Жарқынбек Ғалымжан , «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Арман Мажитов, жауапты бөлім басшыларымен бірге соңғы жылдары мемлекеттік бюджет есебінен салынып, пайдалануға берілген нысандардың жай-күйін зерделеді.
Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын әрбір әлеуметтік нысандардың басшыларына (меңгерушілері) негізгі сала бойынша жұмысынан бөлек, сеніп тапсырылған мекеме мүлкіне, ғимаратына ұқыптылықпен қарап, күтіп - ұстау міндеттері жүктелген.
Мысалы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығымен бектілген Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларының 3-тарау, 46- тармағында бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарының басшысының (директорының) лауазымдық міндеттеріне білім беру ұйымының мүлкіне иелік етеді, сондай-ақ санитариялық - гигиеналық режимнің сақталуына жауап береді.
Осындай міндеттер басқа да әлеуметтік мекемелердің, балабақша, дәрігерлік емханалар, клуб, спорт кешендерінің меңгерушілеріне де жүктелген.
Осыған қарамастан жекелеген мекеме басшылары өз міндеттеріне салғырт қарап, мемлекеттік бюджет қаржысына салынған ғимаратты, оның ішкі бөлмелерін өз дәрежесінде күтіп ұстамайтындығы анықталды.
Жұмыс тобымен білім беру ұйымдарында, дәргерлік амбулаторияларда, ауылдық клубтарда зерделеу барысында анықталған кемшіліктерді шұғыл жою бойынша сала басшыларына тапсырмалар берілді. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады.

